1973 жылы облыстық әмбебап кітапхана өлке оқырмандарына есігін айқара ашты.
1980 жылы қаланың кітапханалары бір орталыққа көшірілді, 268 кітапхана 12 орталықтандырылған кітапхана жүйесіне бірікті.
1990 жылы кітапхана Есенберлин көшесі, 9а, жалпы ауданы 1436 шаршы метр болатын жаңа ғимаратқа көшті.
Облыстық кітапхана 295 кітапханаға әдістемелік көмек көрсетті.
2010 жылы «Кітапханаларды қайта ұйымдастыру туралы» қаулыға сәйкес «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ болып қайта құрылды, оның құрамына 11 кітапхана кірді.
2023 жылдың 4 қаңтарында «Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы» КММ құрылды. Кітапханаға 55 кітапхана, оның ішінде 1 облыстық, 13 қалалық, 5 аудандық, 36 ауылдық кітапхана кірді. Олар: Жезқазған қаласының ОКЖ, Сәтбаев қаласының Б. Бұлқышев атындағы ОКЖ, Сәтбаев қаласының балалар-жасөспірімдер кітапханасы, Қаражал қаласының ОКЖ, Жаңаарқа ауданының С. Сейфуллин атындағы ОКЖ, Ұлытау ауданының ОКЖ.
Облыс бойынша кітапхана қоры – 869641. Мемлекеттік тілде - 503368. Облыстық кітапхана қоры - 47440, мемлекеттік тілде - 16583 дана, облыс бойынша электрондық басылымдар - 643, облыстық кітапханада - 79 дана.
Сирек қор – 94 дана.
Қордың бірегей туындыларының бірі - брайльмен жазылған бірнеше жаңа кітаптар. Кітаптың 7 данасы мемлекеттік тілде Брайль шрифтімен жазылған. Атап айтқанда, М.Төрежановтың «Әліппе», З. Михайлюковтың «Соқырлардың Луи Брайльдің білім әлеміне кең жолдарын ашудың алты нүктесі» және басқа да көркем әдебиет кітаптары.
«қазақтың дәстүрлі 1000 күйі», «Қазақтың дәстүрлі 100 әні», «қазақтың батыр жырлары», «Даналық әліпби», «Абайтану әліпбиі» және қазіргі заманғы 3D, 4D типті арнайы энциклопедиялар: Хомич Е. «Динозаврлар: толықтырылған шындықтағы 4D Энциклопедия». Қорда өте сирек кездесетін 1869 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі кітаптар жинағы бар.
Сирек кітаптар қорында қазақ жерін зерттеген ғалымдардың кітаптары, оның ішінде Жезқазған, Ұлытау, Балқаш қалалары, мерзімі бойынша ең көне, В. Стоюнинаның 1869 жылы Санкт-Петербургте «Эдуард Праца» баспасынан шыққан «Теориялық зерттеуге арналған әдебиет», М. Әуезовтің 1944 жылы жарық көрген «Абай» өлеңдер жинағы және басқа кітаптар ұсынылған. Сондай-ақ, сирек кітаптар қорына әртүрлі форматтағы кітаптар кіреді: шағын форматты, үлкен форматты және қалың кітаптар. Үлкен кітаптарға «алып» немесе «томдық» кітаптар жатады. Олардың форматы 38х50 см. мысалы: «Теңіз атласы». Қордағы ең кішкентай кітап – Джунаның«Поэзия және өмір» кітабы мен «КСРО ордендері мен медальдары» кітабы. Олардың форматы 5х7 см. Ең қалың кітап Н. Павловскийдің «Орыс-неміс сөздігі». Қалыңдығы 8 см, 1774 бет.