qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
Басты бет
/ Мәдени мұра
/ Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы

«Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы»  РММ (бұдан әрі  ҚРҰАК) ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі қаулысымен құрылды.

2005 жылдың 10 қыркүйегінде кітапхана алғашқы оқырмандарды қабылдады. 

Мекеме құрылымына 17 бөлім кіреді.


Кітапхана әмбебап басылымдар қорын сақтау және жинақтау көлемі бойынша, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар базасында физикалық және қашықтағы пайдаланушыларға қызмет көрсететін еліміздегі ең ірі кітапханалардың бірі.

Кітапхана көпшілікке арналған кітапхана функциясын қамтамасыз етеді, жыл сайын пайдаланушының қашықтан жұмыс істеу мүмкіндіктерін кеңейте отырып, көптеген пайдаланушылар үшін ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кітапхана өз қызметін кітапхана қызметтерінің негізгі түрлері тегін болуы қағидатына негіздейді және өмірлік шектеулері бар және әлеуметтік қолдауға мұқтаж қоғам мүшелеріне қызмет көрсету бойынша күш-жігерді арттырады.


01.01.2024 ж. дерекке сай кітапханада 1 372 768 сақтау бірлігі бар, оның ішінде 561 595 мемлекеттік тілде, 647 334 орыс тілінде, 163 839 басқа тілдерде.


Ұлттық мәдени мұраға жататын сирек кітаптар, құжаттар, қолжазбалар қоры 135 68 бірлікті құрайды. Мазмұны бойынша олар кітаптарды, мерзімді басылымдарды, білімнің барлық салалары бойынша аудиоматериалдарды қамтиды.

Жабдықтың негізгі көздері:

академиялық институттардың сирек кітаптар қоры;

сыйлар; кітапхананың негізгі қоры; халықаралық кітап алмасу.

ҚРҰАК сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры мына жинақтардан тұрады: қолжазбалар, қазақ кітабы, ресейлік және шетелдік Орталық Азия мен Қазақстан зерттеушілерінің еңбектері, ескі славян және орыс тілдеріндегі кітаптар, шет тілдеріндегі кітаптар, Қазақстанның ғылым және мәдениет қайраткерлерінің мұрағаттары, сөздіктер мен энциклопедиялар.

Жинақтарға араб, парсы, өзбек, татар, қытай, неміс, ағылшын, орыс және басқа тілдердегі басылымдар мен қолжазбалар кіреді. Араб, латын графикасымен, шағатай және жалпы түркі тілдерінде жазылған қазақ кітаптарының жинақтары да кітапхананың сирек қорына жатады.

Кітапхана жалпы ауданы 14 458,4 ш.м. болатын 5 қабатты ғимараттан тұрады

Мекен-жайы: Астана қ., Достық к-сі, 11