Кітапхана тарихы 1867 жылдан басталады. 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің тұрғындары үшін кітапхана ашылды. Кітапхананы революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметі Ресейдің орталық қалаларынан жер аударған озық, прогрессивті ойлайтын адамдар ұйымдастырды.
1917 жылға дейін облыс аумағында тек 2 кітапхана болған (Қызылорда және Қазалы қалаларында).
1925 жылы 15 сәуірде Қырғыз (Бүкілқазақстандық) кеңестерінің съезі Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы қаулы қабылдады.Сол кезден бастап (1925) 1938 жылға дейін бұрынғы қалалық аудандық кітапхана қоғамдық кітапхана деп аталды.
1938 жылы Қызылорда облысы құрылып, кітапхана облыстық маңызы бар мәртебеге ие болды.
1973 жылы кітапхана Ыбырай Жақаев көшесіне көшірілді, ғимараттың ауданы 930 шаршы метрді құрады,оқырмандар үшін 70 орындық оқу залы ашылды.
1983 жылы М. Горький атындағы-облыстық әмбебап ғылыми кітапхана болып өзгерді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Білім және мәдениет мекемелеріне есімдер беру және оларды қайта атау туралы» Қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына Қазақстанның Халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың есімі берілді.
2009 жылы кітапхана 400,0 мың дана кітап қорын сақтауға арналған типтік ғимаратқа көшірілді.
Кітапханада 7 бөлім және 8 сектор жұмыс істейді.
Кітапхананың кітап қоры 427590 дананы құрайды. Қордың құрамына кітаптар, мерзімді басылымдар, аудиокітаптар, электрондық басылымдар, ноталық басылымдар кіреді, олардың 130146-сы қазақ тілінде.
Қорда сирек және құнды басылымдардың 1003 данасы бар.
Ә. Тәжібаев атындағы Облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры қазақ, орыс, өзбек, қырғыз, араб, парсы, латын, тәжік, түрік, шағатай, татар, корей тілдеріндегі жазбаша ескерткіштерден тұрады.
Олардың жазу әдістері де әртүрлі: дастан, естелік және басқа жанрлар. Кітап басылымдарының көпшілігі 1961 жылға дейін жарық көрді. Осы кезеңде жарық көрген қазақ тіліндегі кітаптар да сақталған.
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Қызылорда облыстық мамандандырылған кітапханасы
1967 жылы кітапхана қоғамдық негізде зағиптар қоғамына кітапханалық қызмет көрсете бастады.
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Қызылорда облыстық мамандандырылған кітапхана 1969 жылы ҚР Мәдениет Министрлігінің бұйрығымен облыстың зағип азаматтарына кітапханалық қызмет көрсету үшін ашылды.
1971-1972 жылдары кітапхана қорына арнайы магнитофондар мен аудиокітаптар келіп түсті.
2005 жылы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған тифлокомпьютер сатып алынды.
Кітапхана қоры 29822 дана кітапты құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде 16257 дана кітап бар. Оның ішінде: бедерлі-нүктелі кітаптар (Брайль бойынша) - 2932, аудио кітаптар - 12438, СД-ге жазылған кітаптар - 1895, жалпақ-баспа кітаптары - 12481 дана.