2013 жылдың соңында облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. 2014 жылдың қаңтарынан бастап кітапхана өз есігін ашып, кең оқырмандарға қызмет көрсете бастады.
2013 жылдан 2017 жылға дейін кітапхана облыс аумағында 424 кітапхана желісі үшін ғылыми-әдістемелік орталық ретінде жұмыс істеді. 2018 жылдың 20 маусымында кітапханада коворкинг орталығы ашылды. 2020 жылы әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай ғалым-фарабитанушылардың, зиялы қауым өкілдерінің ұсынысы бойынша ҚР Үкіметінің 27.11.2020 жылғы №799 қаулысымен кітапханаға Әл-Фараби есімі берілді.
Кітапхана қорында - 423666 кітап бар.
Оның ішінде мемлекеттік тілде -152 802,
Баспа басылымдары - 115 861,
Электрондық қор - 6741.
Сирек кітаптар бөлімі 2015 жылы ашылды.
Кітап қоры - 5269 дана.
Көне кітаптардың саны - 3997.
«Қазыналы Оңтүстік» - 372. Қолтаңбасы бар кітаптар - 243. Қалта кітаптары - 207.
Жазушы Е. Тұрысовтың жеке кітапханасынан сыйға тартылған кітаптар - 300,
Жазушы М. Мырзахметовтің жеке кітапханасынан сыйға тартылған кітаптар
- 150.
Сирек кітаптар қорының сегіз жинағы бар. «Ислам әлемі», «Өлкетану әдебиеті», «Шағын көлемді кітаптар», «Әдеби мұра», «1941-1945-авторлардың көзі тірісінде жарық көрген кітаптар», «Қолтаңбалар мен қолжазбалар», «Энциклопедиялар мен сөздіктер». Коллекциялардың ішіндегі ең үлкені – «Қазыналы Оңтүстік» көп томдығы.
Ең көне - ағылшын жазушысы Уолтер Скотттың 1824 жылы жарық көрген «Red Gauntlet»кітабы.
Сондай-ақ Садру Шария Убайдулла бин Масуд Аль Бухаридің 1860 жылы араб тілінде жарық көрген «Әбу Әли имам органамның мазхабындағы Шарга сұрақтары» атты кітабы.
1899 жылы жарық көрген Софи Аллаярдың шағатай тіліндегі хикмет жинағы.
Қорда 1890 жылдардан бері шыққан неміс баспагерлері Ефрон-Брокгауздың 82 /86 дана/ томдық энциклопедиялар жинағы бар.
Сирек кездесетін кітаптардың қатарына 1940 жылы латын қарпімен жарық көрген Абай Құнанбаевтың кітабы жатады.
Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы
Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы - әмбебап бейіндегі кітапхана. Кітапхана 1978 жылдың тамызында облыстық мәдениет басқармасының бұйрығы және мәдениет Министрлігінің 23.12.77 ж. хаты негізінде ұйымдастырылды, кітапхана облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жертөлесінде бір шағын бөлмені алып жатты.
1980 жыл - Крегер көшесі, 17 үй бес қабатты тұрғын үй ғимаратында жаңа бөлме бөлінд. 1981 жыл - жасөспірімдер кітапханасының салтанатты тұсаукесері өтті. 19 жыл бойы кітапхана осы мекен-жайда болды. Осы уақыт ішінде кітапхана танымал болды, қала мен облыс жастары үшін мәдени, білім беру, ақпараттық орталыққа айналды.
1998 жыл-тамыз. Кітапхана ауданы 656,4 шаршы метр болатын екі қабатты ғимаратқа көшті. 2003 жыл - Шымкенттегі «Сорос-Қазақстан» Қорының ресурстық орталығымен әріптестік туралы келісімге, Санкт-Петербургтің мәдениет және білім беру Қоғамдық Қорымен әріптестік туралы келісімге қол қойылды. Қор кітапхананы оқулықтармен қамтамасыз етті.
176 656 / жалпы Қор/
144200 / барлық кітаптар/
31868 / мерзімді басылымдар/
547 / электрондық басылымдар/
41 / аудио, бейне басылымдар/
№5 қалалық орталықтандырылған балалар кітапханасы
1965 жылы Шымкент қаласында №5 қалалық балалар кітапханасы ашылды. Бастапқыда мекеме әйгілі балалар жазушысы Аркадий Гайдардың есімімен аталды.
1976 жылы Шымкент қаласындағы балалар кітапханаларының орталықтандырылған жүйесі құрылды. 1976 жылы № 5 қалалық балалар кітапханасы А. Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы мәртебесіне ие болды және 11 балалар кітапханасының жұмысын басқарды.
1985 жылы А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы жаңа типтік ғимаратқа ауыстырылды.
2003 жылы Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханасы жүйесінің құрамына кірді.
2009 жылы «Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханасы жүйесі» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. Жүйеге Орталық қалалық балалар кітапханасы және 9 кітапхана бөлімі кіреді.
«Шымкент қаласының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1110 қаулысына сәйкес 2014 жылғы ақпанда Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханасы жүйесіне 4 кітапхана қосылды. 2019 жылдың қараша айынан бастап 14 кітапхана бөлімшесі бар.
Жалпы кітап қоры - 417523
Шымкент қаласының нашар көретін және зағип азаматтарына арналған арнайы кітапхана
Қазақ ССР министрлігінің 1969 жылғы 12 ақпандағы № 29 «Зағиптарға арналған арнайы кітапханалар ашу туралы» бұйрығына сәйкес облыстық байланыс орталығы базасында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған ақпарат алмасу процестерін дамытуға, мәдени өзара іс-қимылға, көру қабілеті нашар мүгедектердің бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал ететін арнайы кітапхана ашылды.
Шымкент қаласының «Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасының»қолдауымен 2021 жылғы 21 желтоқсанда кітапхана толық жаңғыртудан өтіп, қала тұрғындары үшін өз есігін ашты.
Модернизацияға дейін кітапхананың кітап қоры 141 805 бірлікті, 5 000 мың оқырманды құрады, ал қазір кітапханаға келушілер саны 107 000-ға, кітап қоры 144 690-ға дейін өсті, ал оқырмандар саны 21 000-ға жетті. Сонымен қатар, зағип оқырмандар заманауи тифло техникасы арқылы барлық қажетті ақпаратқа оңай және жылдам қол жеткізе бастады.
Кітапхана мәдени-ағарту және білім беру орталығына айналды, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық игерді, қаланың жоғары оқу орындарының, колледждерінің, мектептерінің, балабақшаларының ұжымдарын кітапхана оқырманы болуға шақырды, бірлескен меморандумға қол қойылды.
Ғылыми-техникалық ізденістер жүргізу үшін жағдайлар жасалды, кітапхананың тіршілігі бойынша аудио форматта ақпараттық-презентациялық жұмыс басталды.
Бүгінгі таңда зағип оқырмандарға арналған арнайы кітапханада «Сөйлейтін кітаптар өндірісі»және «Брайль кітаптарын шығару» бөлімдері жұмыс істейді. Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес «Компьютерлік сынып» жұмыс істейді, ол нашар көретін балалар мен жасөспірімдерді «Компьютерлік сауаттылықты» игеруге бағытталған әртүрлі гаджеттердің жұмысымен таныстырады. Оқырмандардың шығармашылығын дамыту, ой-өрісін кеңейту, өнерді дамыту, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды рухани байыту мақсатында түрлі жобалар мен клубтар оларға өз қызметтерін ұсынады.
Сонымен қатар, жаңартылған арнайы кітапханада балаларға қосымша білім беру және ойын демалысы үшін «Baby Books» залы, демалуға, музыка тыңдауға арналған бұрыштар, сондай-ақ жазғы уақытта кітапхананың жайлы ауласында орналасқан «сахна», жазғы кітап сөрелері, ересектер мен балаларға арналған «әткеншектер», заманауи капсулалар мен балалар бөлмесі жұмыс істеді.
Заманауи интерьерде кітап оқуға арналған креативті бұрыштар, әртүрлі бағыттағы ауқымды, топтық, бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін қажетті техникамен жабдықталған «Конференц-зал», жастар әлеуметтік желілердің көмегімен қажетті ақпаратты ала алатын жайлы «Кафе-бар», сондай-ақ бірлескен ғылыми жұмыс, пікірталастар, кездесулер, ток-шоулар, шығармашылық іс-шаралар өткізу үшін «Интерактивті орталық» жұмыс істейді.
Жалпы Қор - 145517 экзепляр.
Қазіргі уақытта арнайы кітапхана Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Ш. Уәлиханов көшесі, 213/6 мекенжайында орналасқан.
А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапхана
А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапхана 1899 жылы ақын А.С. Пушкиннің туғанына 100 жыл толуына орай ашылды.
Кітапхана Қазақстанның ең көне кітапханаларының біріне жатады. 2024 жылы кітапхана 125 жасқа толды.
2022 жылы кітапхана заманауи стильде жаңартылып, жалпы жұртшылық пен қала тұрғындары үшін әмбебап қалалық кітапхана ретінде қайта ашылды.
Бүгінде кітапхана Шымкент қаласы тұрғындарының әртүрлі санаттарына кітапханалық қызмет көрсететін, оқырмандардың бос уақытын тиімді өткізетін, білім, ғылым, мәдениет орталығы болып табылатын мәдени-ағарту орталығы.