А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана.
Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі (бұдан әрі – Кітапхана) 1984 жылы ұйымдастырылған. Кітапхана құрылуына 3 кезеңде өткен қаладағы кітапханаларды орталықтандыру шарасы себеп болды. 1976 жылғы шілдеде балалар кітапханалары орталықтандырылды. 1977 жылдың қаңтарында орталықтандыру жағдайында қаланың 21 бұқаралық кітапхана жұмысын бастады. Халық депутаттары Кеңесінің Алматы қалалық атқару комитетінің «Алматы қаласындағы балалар мен бұқаралық кітапханалардың орталық жүйелерін біріктіру туралы» 1984 жылғы 24 қаңтардағы №231 шешімімен қаладағы балалар мен бұқаралық кітапханалардың орталықтандырылған жүйелері біріктірілді. Алматы қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырылды.
«Алматы қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» Мемлекеттік мекемесінің негізгі мақсаты халыққа кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсету және оның мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Республиканың Тұңғыш Президентімен «Мәдениетті қолдау жылы» деп жарияланған 2000 жылы Алматы қаласындағы №13 филиалының базасында қазақстандық жазушылар кітапханасының (ҚЖК) ашылуына ықпал етті.
Суретте Жамбыл атындағы Қалалық жасөспірімдер кітапханасы.
Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы «Алматы қаласы Мәдениет Басқармасының кейбір коммуналдық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» № 1/190 қаулысымен «Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі», «Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы», «С. Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы» мекемесі Алматы қаласы мәдениет басқармасы «Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-не бірікті.
2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында заманауи сервистік қызметтер кешенін, шығармашылық қарым-қатынас атмосферасын құру, кітапхана филиалдарын жаңғырту басталды.
Суретте: С. Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы.
2018 жылы Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы жаңғыртылды. Кітапханада кітап басылымдарымен, электрондық ақпаратпен жұмыс істеуге, деректі, ғылыми-танымдық фильмдерді көруге, тұсаукесерлер мен зияткерлік клубтарды өткізуге арналған аймақтары бар заманауи «Ореп space» пайда болды.
2019 жылы кітапхананың 5 филиалы жаңғыртылды: кітапхана - № 15 филиал; кітапхана - № 20 филиал; кітапхана - № 24 филиал; кітапхана - № 32 филиал; кітапхана - № 33 филиал.
2020 жылы кітапхананың 10 филиалы: Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана.; Қазақстандық жазушылар кітапханасы; Крылов атындағы Қалалық балалар кітапханасы.; кітапхана - № 1 филиал; кітапхана - № 4 филиал; кітапхана - № 6 филиал; кітапхана- № 26 филиал; кітапхана- № 29 филиал; кітапхана- № 30 филиал; кітапхана - № 44 филиал.
2023 жылы кітапхананың 2 филиалы: № 39 кітапхана - филиал, №14 кітапхана - филиал.
Филиалдарды жаңғырту қорытындысы бойынша Алматы қаласы мәдениет басқармасы Алматы қаласының жетекші БАҚ журналистері мен блогерлердің қатысуымен баспасөз турын өткізді. Кітапхана филиалдары жаңа келбетке ие болып қана қоймай, жұмыс режимін өзгертті - күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, демалыссыз жұмыс істеді. Модернизациядан кейін әр филиалда отыратын орындардың саны артты, жеке жұмыс, байланыс, іс-шаралар және интернет-залдар үшін әртүрлі бұрыштар құрылды.
2020 жылғы желтоқсанда «Шеті жоқ қала» стратегиясын іске асыру шеңберінде «Нұркент»шағын ауданында (Алатау ауданы) «ALATAU CREATIVE HUB» жаңа шығармашылық кеңістігі ашылды. Орталықта бағдарламалауды оқыту, креативті индустрияларды дамыту, шығармашылық әлеует және виртуалды өнер үшін мүмкіндіктер бар. 2021 жылы Мәуленов көшесі, 46 мекенжайында «Almaly Kitaphanasy» жаңа форматтағы кітапхана ашылды. Онда көп функциялы аймақтар бар: оқу залы, коворкинг және демонстрация алаңдары. Қазіргі уақытта Алматыда қаланың кітапхана жүйесін белсенді дамыту және жетілдіру, сондай-ақ қала тұрғындарының әдеби және ақпараттық ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы мәдениет және білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын Кітапхана құрамына кіретін 28 филиал жұмыс істейді.
Кітапхана қоры - (жалпы Қор, бірегей басылымдар) -1 157 367
Кітапханада сақталатын сирек қолжазбалар (қорлар) туралы ақпарат - 306 дана.