М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы облыстық атқару комитетінің 1946 жылғы 15 ақпандағы шешімімен, 7 мың дана кітап қорымен Орталық қалалық кітапхана базасында ашылды. Библиографиялық бөлім мен әдебиетті өңдеу бөлімі ашылды.
1971 жылдан бастап кітапхана типтік ғимаратта орналасады. 1992 жылдан кітапхана қазақ ақыны, аудармашы, педагог, Алаш қозғалысының қайраткері, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Мағжан Жұмабаевтың есімімен аталады.
2005 жылы М. Жұмабаев атындағы ОӘҒК-да Автоматтандыру және жаңа технологиялар бөлімі құрылды.
2010 жылы кітапханалық іс-шаралардың сапасын жетілдіру мақсатында. М. Жұмабаеватындағы ОӘҒК-да бұқаралық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі құрылды.
2011 жылдың қаңтарында шет тіліндегі әдебиет бөлімі, наурыз айында балалар әдебиеті бөлімі ашылды.
Кітапхана қоры - 337938 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде - 88136 дана.
Сирек кітаптар қоры 1302 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 71 дана
Кітапхананың жалпы ауданы - 2997,9 ш.м.,
Мекен-жайы: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 111