Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыстық жазбалар архиві – республикадағы жалғыз мамандандырылған архив мекеме, оның қорында XIX ғасырдың соңынан XXI ғасырға дейінгі Қазақстан тарихынан ретроспективті аудиовизуалды ақпарат шоғырланған.
Аудиовизуалды құжат
Аудиовизуалды құжат – бейнелеу және (немесе) дыбыстық ақпаратты қамтитын құжат, оны тыңдау тиісті жабдықты қолдануды талап етеді.
Аудиовизуалды құжаттар қоғамның қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық өміріндегі оқиғаларды бейнелейтін құнды тарихи дереккөз, олар түсірілім объектісі туралы көрнекі және бейнелі түсінік қалыптастырады, ілеспе және эмоционалды фонды жаңғыртады, сол кездегі тыныс-тіршілік, өмір, келбеті мен көңіл-күй туралы ақпарат ұсынады.
Бұдан басқа, архивтің терминологиясына «аудиовизуалды электрондық құжат» ұғымы белсенді енгізілуде, ол сыртқы ақпарат тасымалдағыштарда сақталатын, цифрлық және компьютерлік техниканың көмегімен жасалған аудиовизуалды ақпаратты қамтитын электрондық құжаттар.
Бұл ретте тарихи құндылықты ғана емес, мәдени құндылықты да білдіретін бірегей аудиовизуалды мұра тасымалдаушының өзіндік ерекшелігі мен осалдығына байланысты үнемі ерекше назар аударуды талап етеді – мұрағат қорындағы құжаттар түпнұсқасы, негізінен, пленкалық тасымалдағышта. Осыған байланысты архивтің соңғы 20 жылдағы негізгі міндеті құжаттардың түпнұсқасын тиісті түрде сақтау және оларды қазіргі заманғы тасымалдағыштарға аудару сияқты екі жақты мәселені шешуге арналған.
Аудиовизуалды архив
Аудиовизуалды архив – анықтамасы бойынша техникалық архивтерге жақын болғандықтан, архив қызметінің әр сатысында: құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау кезеңінен бастап, сұралған ақпаратты зерттеушілерге беруге дейінгі кезеңге, архивке қазіргі талаптарға сай арнаулы жабдықтарды қажет етеді.
Архив тарихы
Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві жарты ғасырдан астам уақыт аралығында бірнеше рет қайта құрур мен өзгерістерді басынан өткізді. Барлық өзгерістер «КСРО мемлекеттік қорларының және КСРО мемлекеттік мұрағаттар жүйелерінің Ережелерін бекіту туралы» КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің 1941 ж. 29 наурызының №723 қаулысынан басталды. ҚКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «1943 ж. 1 сәуірде Алматы қ. Орталық Республикалық Мемлекеттік кинофонофотоқұжаттар мұрағатын құру» жөніндегі №25 қаулысын 1943 жылдың 27 қаңтарында қабылдады.
Ереже бойынша Орталық Республикалық Мемлекеттік кинофонофотоқұжаттар мұрағаты ҚКСР ІІХК (Ішкі істер Халық комиссариаты) мұрағат бөліміне қарасты ғылыми-зерттеу мекемесі болған.
Архив киноқорында ең бірінші «Востоккино» студиясы және «Межрабпром» кинотресінің операторлары түсірген деректі очерктері жинастырылған. Сол жылдардағы түсірілген фильмдердің ішіндегі аса құнды таспалар: «Қазақтардың өмірі мен тұрмысы» (1927 ж.), «Алма-Ата – Қазақстан астанасы» (1929 ж.), «Түрксіб» (1930 ж.) және т.б.
Азаматтық және отан соғысына қатысқандар, еңбек ерлері
жайлы, ғылым және өнер қайраткерлерінің: «Тұрар Рысқұлов», «Әлия», «Дина», «Амангелді Иманов», «Мәншүк», «Высокое небо Талгата», «Мәжит Бегалин», «Сәкен Сейфуллин» сынды және басқа да көптеген атақты адамдардың деректі фильм-портреттері Республика тарихының жеке дара парақтары.
Бірлескен орталық киностудиялар (БОКС)
1943 жылдан бастап архив қорында алғашқы киноүлдір километрлері – Екінші дүниежүзілік соғысының тірі тарихы жинақтала бастады. Архивтегі сол заманның бай деректі мұрасын құрастыруға Мәскеу, Ленинград, Алматы кинематографистер күшімен ұйымдастырылған Бірлескен орталық киностудиялар (БОКС) ықпал етті. Барлық жағынан даңқы шыққан БОКС кезеңі әлемге белгілі Дзига Вертов, Роман Кармен, Эдуард Тиссэ, Ирина Венжер, Яков Посельский, Михаил Слуцкий есімдерімен байланысты.
Осы жылдары «Гвардейцы тыла» қазақстандықтардың майдандағы ерлік еңбегі, кенші-гвардияшылардың еңбегі туралы «Патриотки», «Подарок», «Самое дорогое», «Тебе, фронт» (1942 ж.); «Айтыс» төкпе ақындар жарысы туралы, кадрлерде Жамбыл, Кенен Әзірбаев, Шашубай, Әуезов, Сәтбаев және басқалар; «Восьмая гвардейская», «Под звуки домбры» және т.б. (1943 ж.); «Ленинградцы – гордость моя» (1944 ж.) сияқты деректі фильмдер жарыққа шықты. БОКС негізінде Алматыда «Союзкиножурнал» шығарылымы мерзімді шығып тұрды, олардың шағын бөлігі соғыстан кейін Қазақстанда қалды және қазіргі уақытта архивтің «алтын қорын» құрайды.
190 202 сақтау бірлігін құрайтын фотоқұжаттар қоры сан түрлі және өте көлемді. Олардың алғашқылары XIX ғ. соңына – XX ғ. басына жатады.
Суретте: Санкт-Петербургтегі қазақ сұлтандарының делегациясы, 1860 жыл
Негізінен олар тұрмыстық және көріністік тақырыптардағы суреттер, сол дәуірдің деректі айғақтары ретінде олардың құндылығы күннен күнге арта түсуде. Архивтің ерекше мақтанышы – сыйға тартылған және сақталуға өткізілген жеке қорлар мен топтамалар.
Д.П. Багаев фотоқұжаттарының әйнекті үлдірдегі негативтер топтамасы аса құнды топтаманы құрайды. Бұл құжаттар топтамасы – архивтің визит карточкасы.
Магниттік дыбыс жазбаларда, шағын кассеталарда, грамофон күйтабақтарында, шағын дискілерде шамамен 19 872 сақт. бірлікте архивтің өте сирек фоноқоры бар. Олар: қазақ ұлттық музыка жазбаларынан, авторлық орындаудағы туындылардан, айтыс жазбаларынан, бірінші қазақ операларынан, аса көрнекті замандастарымыздың жанды дауыстарынан құралған. Бүгінгі күндегі қорлар азат және егеменді – жаңа Қазақстан туралы баяндайтын материалдармен толығып жатыр.
Магнит үлдірдегі фоноқұжаттар және грамофон күйтабақ таспалары –архивте сақтау үшін және заманауи тасымалдағыштарға аударуға қажет болатын бірінші кезектегі аудиовизуалдық құжаттардың түрі: ол тоғызмиллиметрлік таспаның техникалық күй-жайына байланысты (ондай таспаның өміршеңдік кезеңі 15-25 жыл, бүгінгі күні архив қорында 30-40 жыл мерзімі өткен көптеген фоноқұжаттар бар).
Суретте: Алматы ТЖ / вокзалы, 1963ж.
Бұл құжаттар уақыт өте физикалық және химиялық өзгерістерге ұшыраған, көпшілігіне жойылу қауіпі таяу. Құрылғылар қолданыста болмағандықтан (4 және 9 жазу жылдамдықтарындағы катушка түріндегі үнтаспаға арналған граммофон, магнитофон, күйтабақ ойнатқыш) дыбыстық жазбаларды тыңдауға бүгінгі таңда мүмкіндік те, оларға сұраныс та жоқ.
Кері үйлесімділік мәселе туындады: түпнұсқаларды үлдірлік және басқа да дәстүрлі тасымалдауыштарда сақтай отырып, ол құжаттарды дер кезінде қазіргі заманауи тасымалдауыштарға көшіру жұмыстарын бастамаса, уақыт өте келе архив пайдаланушыларға құжаттарды беру мүмкіндігінен айырылған болар еді.
«Асыл мұры» жобасы
Бәріне белгілі «Асыл Мұра» жобасын жүзеге асыру жөнінде ой келді. «Асыл Мұра» музыкалық сериясының бірінші жинағы Ғарифулла Құрманғалиев шығармашылығына арналған, соңғысы – қазақ операсының «атасы»
Мұқан Төлебаевқа арналған. Жоба бейкоммерциялық болғандықтан, бұл альбомдар сатылымда болмайды – барлық даналары кітапхана, музей, музыкалық мектептер мен консерватория қорына тапсырылды. Бұдан басқа, жоба аясында тыңдау, жаңғырту, техникалық жай-күйі нашар дыбыс жазбаларды сандық тасымалдауыштарға көшіру жұмыстарын жүзеге асыру мүмкіндігіне қол жеткізетін жабдықтарды архив алғаш рет алды.
Сақталатын фоноқұжаттардың екінші категориясы «Аса құнды құжаттар» деп аталады.
Сақтау және дыбыс ақпаратын қазіргі заманға сай тасымалдауыштарына көшіру жұмыстарының мәселесін шешкеннен кейін ғана архив, қазақ елінің сирек кездесетін музыкалық ұлттық мұрасын көпшілікке тарату ісіне кірісе алды. 10 жыл бойы жалғасқан және «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасымен келісті үйлесім тапқан жоба аясында 18 СD-диск және мыңдаған тиражбен альбомдар шықты. Ол дискілер мен альбомдар республикада ғана емес, елден тыс жерлерде де Қазақстанның ерекше мәдени брендіне айналды.
Болашақ жобалар мен жаңа мүмкіндіктер
Эстафета қазақтың дәстүрлі музыкалық мұра антологиясын құрастыруға арналған, ҚР Мәдениет министрлігі бастамасымен құрылған «1000 күй», «1000 ән» жобасымен жалғасты. Аталған жоба бойынша жинақталған әйгілі шеберлердің домбырада, сыбызғыда, қобызда орындаған тандаулы 1000 күйі – қазақ халқының атақты домбырашыларының: Құрманғазы, Тәттімбет, Қазанғап, Д.Нұрпейісова, К.Жантілеуов, Ж.Қаламбаев, Д.Мықтыбаев, Т.Момбеков, Ғ.Асқаров, У.Бекенов, К.Ахмедьяров т.б. шығармаларының 70% КФҚДЖА қорынан алынған.
Жоба аясында Архив архив фоноқұжаттарын заманауи тасымалдауыштарға аударуға мүмкіндік берген жаға техникалық жабдықтауға қол жеткізді.
Егер алғашқы дыбысмонтаждау станциясы Tascam магниттік таспасына арналған магнитофонмен, Otari, DAT магнитофонымен Tascam DA-45 HR, Tascam CD-01 U Professional CD рекордерімен, Kenword stereo KXF-W3030 компакт кассетасына арналған магнитофонымен, Yamaha микшерлік пульті және дыбыстық картасымен, Omitronic үнтаспасы үшін күйтабақ ойнатқышымен, Adobe Audio, Cool Edit Pro бағдарламалары орнатылған компьютерлермен жасақталған болса, екінші дыбысмонтаждау станциясы Studer магниттік таспасына арналған магнитофонымен, Tapco микшерлік пультімен,Julia дыбыс картасымен, Stanton үнтабағы үшін кәсіби күйтабақ ойнатқышымен, Adobe Audio, Cool Edit Pro бағдарламалары орнатылған компьютерлермен жабдықталды.
Бұдан басқа, бастамашылық, оның ішінде экспедициялық жазбаларды жүзеге асыру үшін және студиядан тыс жазбаларды жазу үшін репортер Portadrive PDR 2000 жабдығын қолданады
WAV дыбысты ақпараттық файлдарформаты сыртқы 2 террабайт деректер қоймасында сақталады (серверлік сақтаудың баламасы).
Нәтижесі таң қалдырады: бүгінгі таңда архив қорындағы фоноқұжаттардың 75% қалпына келтіріліп, тұпнұсқа түрінде заманауи тасымалдауыштарға аударылды.
Киноқұжаттар
Киноқұжаттар – ең көп сұранысқа ие аудиовизуалдық құжаттардың бірі. Соңғы жылдары киноқұжаттарға сұраныс бірнеше рет артқанын атап өту керек.
Архив қорындағы ең ежелгі киноқұжат 1925 жылмен белгіленген, ол құжат – «Пятилетие Казахстана» (Қызылорда қ.).
Адрес: 050000, Алматы қ., Абай даңғылы, 39