qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
Басты бет
/ Мәдени мұра
/ Әмен Хайдаров
Әмен Хайдаров

Қазақ анимациясының аңыз адамы - Әмен Хайдаров

Әмен Хайдаров қазақ режиссері - мультипликатор, суретші, сценарист, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақ анимациясының негізін қалаушылардың бірі.


1923 жылы 3 мамырда Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Жіңішке ауылында дүниеге келген. Ол мектепті бітіргеннен кейін соғыс басталып, жас жігіт Ұлы Отан соғысының майданына аттанады. Соғыстың ең қиын тұсы саналған Сталинград қорғаушыларының қатарында болды, содан кейін Украинаны азат етті. Корсун-Шевченко маңында болған шайқаста ауыр жарақат алды.



Соғыстан кейін Ә. Хайдаров кәсіби сурет салуды үйренуге шешім қабылдады. 1946-1950 жылдары Қазақ мемлекеттік театр-көркемсурет училищесінде графика мамандығы бойыншабілім алады.


Дағдыларын жетілдіру үшін Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтына (профессор И.Иванов-Вано шеберханасы) оқуға түсіп, бір жылдан кейін ВГИК-те режиссерлік курсты бітіреді. Оқуды бітіргеннен кейін Қазақстанға оралған Әмен Хайдаров қазақ киносындағы жаңа жанр – анимацияға бет бұрады. Бір жылда Қазақфильмде бес-алты мультфильм түсірілді, арнайы мультфильмдер бөлімі құрылып, 1966 жылы Әмен Хайдаров бөлімде көркемдік жетекшісі болады.


1967 жылы экранға шыққан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» алғашқы қазақ мультфильм авторы Ә. Хайдаров. Мультфильм Ленинградтағы үшінші Бүкілодақтық кинофестивальдің лауреаты атанады және оны 48 елде көрсетеді. 1975 жылы Нью-Йорктегі «Қола Праксиноскоп»халықаралық мультфильмдер кинофестивалінде ол жүлделі орынға ие болды. Одан кейін қазақ мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан «Ақсақ құлан», «Қуыршық», «Құрылысшы Қожанасыр», «Қырық өтірік», «Айнакүн» және т.б. мультфильмдер жарық көрді. Ал анимация режиссеріАмен Хайдаровтың есімі көпшілікке белгілі бола бастады.

1975 жылдан 1983 жылға дейін Қазақстан Кинематографистер одағының хатшысы, 1983-1991 жылдары Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы қызметтерін атқарды. Әмен ХайдаровҚазақстан Суретшілер одағының, Қазақстан Кинематографистер одағының, Қазақстан Журналистер одағының, Қазақстан Дизайнерлер Одағының шығармашылық одақтарының мүшесі.


2005 жылы Жеңістің 60 жылдығына «Тағдыр» фильмі түсірілді. Бұл жоба Әмен Хайдаровтың тікелей басшылығымен жүзеге асырылды. Ізденістер мен олжалардың шығармашылық тұрғысында, қажымас еңбекте көпсериялы «Қуыршық» мультфильмі де түсірілді. Әмен Хайдаровтың жетекшілігімен бұл жұмыс 2002 жылы басталып, Қазақ ұлттық киностудиясының қызметкерлерімен және Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенттерімен бірлесіп жүргізілді. 1993 жылдан бастап Ә. Хайдаров Осы Академияда сабақ беріп, жас мультипликаторлар дайындады.


Әмен Хайдаров барлық халықаралық мультипликаторлар қауымдастығының мүшесі болды. Сонымен қатар, ол көркем сурет салумен айналысты. Ол «Оқжетпес», «Жеке-батыр», «1949 жылы атом бомбасының жарылуы», «Соңғы секундтар», «Абай жерінде» картиналарын, сондай-ақ «Ләйла мен Мәжнүн» поэмасы желісімен миниатюралар мен портреттерді жасады.

Әмен Хайдаров Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, 1978 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның көрнекті өнер қайраткерлеріне арналған Президенттік стипендияның иегері. 2003 жылы Ә. Хайдаров «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты атанды.

2015 жылдың 4 ақпанында қайтыс болды.