qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
Басты бет
/ Мәдени мұра
/ ӘМІРЕ ҚАШАУБАЕВ
ӘМІРЕ ҚАШАУБАЕВ

Қашаубаев Ә. Париж қаласындағы гастрольдік сапары кезінде (сол жақтан үшінші)

Париж қ., 1925 ж.


Әміре Қашаубаев – шетел сахналарында, 1925 жылы - Парижде, 1927 жылы - Майндағы Франкфуртта өнер көрсеткен тұңғыш қазақ әншісі.


Әміре 1888 жылы Семей облысының Абралы ауданында дүниеге келген. Ерте жастан отбасынасырау үшін еңбекке араласып, ат айдаушы, күзетші болып жұмыс істеді. Қазақ ауызәдебиетінің фестивалі ретінде өтетін Қоянды жәрмеңкесінде әнші алғаш рет өзін әнші ретіндесынап көреді. Белгілі әншілер Ғаббас Айтбаев, Қали Байжанов, композитор Жаяу Мұсашығармашылығымен танысқан Әміре шеберлігін жетілдіру керегін түсінді. Ол репертуарын байытып, Семей қаласына кәсіби әнші ретінде оралады. Тыңдарманына шабыт беретін Әміре Қашаубаевтың дарынды өнері бүкіл республикаға таныла бастайды. РСФСР ағарту халық комиссары қызметін атқарған А.В. Луначарский Әмірені Париждегі Дүниежүзілік көрмеде этнографиялық концерттерке қатысуға шақырды. Әміре тұңғыш кәсіби қазақ театрын ұйымдастыруға да белсене қатысты. Мұхтар Әуезовтің «Еңлік – Кебек» пьесасында ол шопан Жаналдың рөлін сомдады. 1927 жылы сәуірде Әміре Мәскеуде, ал шілде айында Майндағы Франкфурт сахнасында концерт берді.

1933 жылы Алматыда драматеатр қабырғасында негізінде музыкалық студия ашылады, Әміре студияда алғашқылардың бірі болып жазылған әнші. Осы жылдары әншіге заманауи әндерді орындамағаны үшін сын айтыла бастайды. Әміре сынды ауыр қабылдады, бар күшін сынмен күреске жұмсайтын. 1934 жылдың күзінде Амре дертке шалдығып, қысқа ғана уақытта қайтыс болады.

Қашаубаевтың репертуарындағы «Жалғыз арша», «Ағашаяқ», «Балқадиша», «Дударай» және т.б. әндері ерекше маңызға ие. Әміремен танысқаннан белгілі этнограф А.В. Затаевич әншінің талантына тәнті болып, оның өнерін біздің елде де, шетелде де насихаттады. Тыңдаушылар Әміренің керемет, табиғи дауысына ғана емес, сонымен қатар ерекше бояуға ие тембрі мен ішкі драматургияға толы орындаушылық қасиетінен де тамсанатын.

Затаевич «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағында Әміре Қашаубаевтың вокалдық дарыны туралы жазған ескертпесінде: «Әміре Қашаубаев 1925 жылға дейін Қазақ мемлекеттік театрының труппасында әншілердің ішінен шетжұртта тұңғыш ән салған адам. Қашаубаев жұртқа таңқаларлықтай диапазонымен танымал әнші. Оған әнші, музыкант ретінде оң баға беру үшін қарқара­лылық Ғаббас Айтбаев және Қали Байжа­нов­пен салыстыра қарау керек шығар. Бірақ, бәрібір Әміре бөлектеніп, басым тұрады. Өйткені оның репертуары лирикалық және тұрмыстық әндер арасында жинақталған, дауыс жағынан Қашаубаев алдыңғы екеуден көш ілгері. Оның ауылдық өмірден жырақтап қалаға бой ұсынуы өнеріне әсер етпей қоймайды, өкініштісі сол. Шетел сахнасында өнер көрсеткен ерекше дарын иесі бұл сынақтан тапжылмай өтетід деп сенемін. Қазақтың әншілік өнерінің көрнекті өкілі болатын ол қазақ ән өнері үшін пайдамен шығады деп тілеймін» деген.

Әміре Қашаубаевтың сирек кездесетін әншілік қасиеті өмірінің соңына дейін сөнген жоқ. Әміре радиода қазақ халық әндерін орындап, тыңдаушыларды әннің әсемдігімен және тереңдігімен қуантса, оның театрдағы қойылымдары да қызықты болды. Ол замандастарын өзінің талантының жан-жақтылығымен таң қалдырды.