qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
Басты бет
/ Мәдени мұра
/ Абай (Ибраһим) Құнанбаев
Абай (Ибраһим) Құнанбаев

Абай (Ибрагим) Құнанбаев (1845 ж.10 тамыз -1904 ж. 23 Маусым) – қазақ ақыны, философ, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі, либералды көзқарасын ислам дініне таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.

Шын есімі – Ибраһим (Ибраһим – Авраам пайғамбар есімінің араб тіліндегі аналогы), Абай есімін (қазақ тілінде Абай «ұқыпты», «сақ» дегенді білдіреді), әжесі Зере берген, және оны өмір бойы осылай атаған. Абайдың жиені белгілі қазақ ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлы.

Абай Құнанбайұлы Батыс Сібір генерал-губернаторлығының Семей уезінің Шыңғыс тауларында (1845 жылдан бастап Семей облысы) (Қазіргі әкімшілік бөлінісі бойынша Абайоблысы Абай ауданында) Қазақ Арғын тайпасынан шыққан Тобықты руының ірі бай өкіліҚұнанбай Өскенбайұлының отбасында дүниеге келген. Абайдың отбасы жергілікті дворяндарға тиесілі болды: атасы (Өскенбай) мен арғы атасы (Ырғызбай) билеушіл мен би ретінде өз отбасында үстемдік құрды.

Бала кезінде молдадан алған білімін Абай Семей қаласындағы Ахмет-Риза медресесінде жалғастырады, онда ол араб, парсы және басқа да шығыс тілдерін оқиды. Сонымен бірге орыс мектебіне де барады. Бес жылдық оқудың соңына қарай ол өлең жаза бастайды, бірақ алғашында өлеңдерін досы Көкпай Жантасұының атынан берді. әкесі Құнанбай Абайды 13 жасынан бастап ел басқару ісіне баули бастайды. 28 жасында Абай бұл қызметтен алшақтап, білімін жалғастырумен айналысады, 40 жасында ғана өзінің алғашқы ересек өлеңдерінжазады. Абайға саяси жер аударылған орыс қайтаркерлері Е.П. Михаэлис, Н. Долгополов, С. Гросспен қарым-қатынасы маңызды оқиға болды.

Абайдың дүниетанымының қалыптасуына гуманистік идеяларды ұстанған шығыс ақындары мен ғалымдары (Фирдоуси, Әлішер Науаи, Низами, Физули, Ибн Сина және басқалар), сондай-ақ орыс классиктерінің шығармалары мен олар арқылы танып-білген еуропалық әдебиет әсер етті. Ол Крылов, Лермонтов, Пушкин, Гете және Байрон шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Халық әніне айналған «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің тарихы терең. Гете «Wanderers Nachtlied» жазады, Лермонтов оны орыс тіліне аударады (Горные вершины спят во тьме ночной...), ал жарты ғасырдан кейін Абай Құнанбаев оның мазмұнын қазақ тілінде жеткізді. Ол қазақтар арасында орыс және еуропалық мәдениеттің таралуына ықпал етті. Біршама уақытан кейін Тұрар Рысқұлов одан үлгі алады.

Біраз уақыт Абай болыс қызметін атқарды.

Әдебиеттанушылар пікірінше, Абай рулық ауылдың кейбір әдет-ғұрыптарын мазақ етіп, «әйелдің құлдық жағдайына» және «әлеуметтік зұлымдық пен надандыққа» қарсы шығады.

Абай Құнанбаев қазақ поэзиясына жаңашылдық әкелген ақын. Жыл мезгілдеріне арналған өлеңдер прогрессивті сипатқа ие: «Көктем» (1890), «Жаз» (1886), «Күз» (1889), «Қыс» (1888), жақсылыққа үйрету мен жамандықты айыптауды мақсат еткен поэзия. «Масғұт» (1887) пен «Әзім туралы аңыз» поэмаларының сюжеті Шығыс классикалық әдебиетінің желісіне негізделген. «Ескендір» Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деген атпен белгілі, Еуропада Александр Македонский аталатын ежелгі грек қолбасшысының өмірі жайында аңыз жазылған.

Қазақ әдебиеті тарихында Абай қазақ өлеңдеріне жаңа өлшемдер мен рифмалар қосты, оның әдебиеті осымен де құнды. Ол жаңа поэтикалық формаларды енгізді: сегіздік, алтылық және басқалар.

Абай 170-ке жуық өлең мен 56 аударма жасап, поэмалар мен «Қара сөздер» жазды.

Абай Құнанбаев XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлт зиялыларына үлкен әсер етті. Алаш-Орда қозғалысының жетекшілері Абайды қазақ ұлтының қайта өрлеу кезеңінің рухани көсемі ретінде қабылдады. Әлихан Бөкейханов Абайдың алғашқы биографы. Оның қазақ халық ақынына жазған некрологы «Абай (Ибрахим) Құнанбаев» мақаласы 1905 жылы «Семипалатинский листок» журналында шығады. Кейіннен мақала Абай портретімен 1907 жылы «Императорлық Орыс Географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің жазбалары» журналында жарық көреді.

1914 жылы белгілі шығыстанушы, академик Н.И. Веселовскийдің 70 жылдығына орай шыққан «Шығыс жинағына» енгізу үшін түркітанушы В.В. Гордлевский Абай Құнанбаев пен Міржақып Дулатовты қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері ретінде таңдап, олардың шығармаларын жариялайды.

Абай Құнанбаев – ел мақтанышы және әлемдік деңгейдегі ұлы қазақ ойшылы.