
77-ші Канн кинофестивалінің ресми постері
Бұл маңызды қадам екі ел арасындағы мәдени байланыстарды кеңейтуге және кинематография индустриясын нығайтуға бағытталған, бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар серіктестің аумағында кино өнімдерін тарату мәселелерінде ынтымақтастық туралы келісті.

«Кино өнімдерін шетелде тарату мәдени әртүрлілікті ілгерілетуде маңызды рөл атқарады. Біз Францияның Ұлттық кинематография және анимация орталығымен ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз және сараптамалық білім алмасуды және кино өнімдерін ілгерілетуді қолдауды асыға күтеміз», – деді Қазақстан Ұлттық киноны қолдау орталығының төрағасы Құрманбек Жұмағали.
Францияның Ұлттық кинематография және анимация орталығы Францияда қазақстандық фильмдерді танымал етуге және француз фильмдерін қазақ тіліне дубляждауға көмек көрсетуге дайын.
Францияның Ұлттық кинематография орталығы (Centre National de la Cinematographie - CNC) - мәдениет және коммуникация министрлігіне бағынатын қоғамдық мекеме. CNC мынадай функцияларды атқарады: заңнамалық және регламенттік мәтіндерді әзірлейді; өндіріске, прокатқа және видео сатуға инвестиция салуға рұқсат береді; киноны қолдау қорларын (кинотеатрлардағы алымдардың 11%) басқарады, олар өндіріс немесе тарату кезінде қаржылық көмек көрсетеді және қайтарылуына кепілдік береді; кино секторын қолдау; мұрағаттарды басқару; зерттеулер мен статистика.